Азамат Тәжияқов ісінде куәгерлер бұған дейін айтқандарынан бас тартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азамат Тәжияқов ісінде куәгерлер бұған дейін айтқандарынан бас тартып жатыр

Азамат Тәжияқов ісінде куәгерлер бұған дейін айтқандарынан бас тартып жатыр

АҚШ сотында Азамат Тәжияқов ісіне қатысты процесс жалғасуда. Тыңдалымның екінші күнінде прокурорлар жағынан келген қос куәгер қазақ студентінің Жохар Царнаевтың сыбайласы емес екенін дәлелдегендей болды. Әсіресе, Федералдық тергеу бюросының қызметкерлері бастапқы айтқандарынан айнып, әбден сасқан.

  • 10 Шiлде 2014
  • 370
Фото - Caravan.kz

Мәселен, көпті таң қалдырғаны: істің ауқымдылығына қарамастан тергеудің ешбірі таспаға жазылмағандығы. Ал тергеушілер бастапқыда Тәжияқов жарылғыш толы сөмкені жасырғанын мойындады десе, бүгінгі сотта сол жауаптарынан жаңылды. Екінші куәгер ретінде Царнаевтың жатақханада бірге тұрған көршісі шақыртылған екен. Эндрю Двиннелстің сөзінше, Азаматқа емес, ол басқа біреуге есік ашқан. Сөйтіп, келген кісі бөлмеден марихуананы ғана алып кетіпті. Осылайша екі күнде шақырылған 6 куәгер де қазақ студентінің кінәсіздігін айқақтағандай болды. Тыңдалым екі аптадан соң аяқталады деп күтілуде. Ал 8-ші қыркүйекте екінші жерлесіміздің соты басталуы тиіс.


Аркадий Бух, Азамат Тәжияқовтың адвокаты:

-Тергеушілер Азаматқа қысым көрсеткен. Оны агенттің бірі мойындап қалды. 4 сағат жалаңаш ұстап, әбден қинаған. Оның үстіне, тергеушілер бастапқыда прокурорларға берген сөзінен жаңылып отыр.