Бұндай мәліметтерді Риэторлардың ұлттық қауымдастығы келтіріп отыр.
ҚХР-дан келген сатып алушылар биылғы наурызда аяқталған 12 айдың ішінде 22 млрд. доллардың баспанасын иемденген. Бұл АҚШ-та шетелдіктерге саудаланған тұрғын үйлердің 24 пайызын құрайды. Өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда (12,8 млрд. доллар) өсім 19 пайызды қамтыды, деп хабарлады Газета.Ru.
Аталған мерзімде шетелдіктер АҚШ-та 92,2 млрд. доллардың баспанасын сатып алған. Өткен қаржылық жылда бұл көрсеткіш 68,2 млрд. долларды құраған болатын.