Ақтөбенің орталығы ыстық сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбенің орталығы ыстық сусыз қалды

Ақтөбенің орталығы ыстық сусыз қалды

Ақтөбенің қақ ортасындағы көп қабаты бірнеше үйдің тұрғындары ыстық суға жарымай отыр. Үш айдан бері шенуніктердің табалдырығын тоздырған олар бүгін бұдан арғыға шыдамай наразылыққа шықты.

  • 11 Шiлде 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz

Осыдан жарты ғасыр бұрын орталық даңғылда салынған бұл үйдегі тұрғындардың дені зейнеткерлер. Ыстық сусыз қалғалы бері шәйнекке су жылытып, шайынып жүр.Кейбірінің оған да әлі келмейді. Көктем шығысымен үй жанындағы құбыр жарылып, комvуналдық мекеме жұмысшылары оны бітеп кетіпті. Ал қала әкімдігіндегілер болса өз балансындағы желіні жаңартуға асығар емес. Шағымданып барғандарды қазынада ақша жоқ деп қайтарады. Шенеуніктер жылу жүйесінің қашан жөнделетінін де айта алмай отыр. Егер күз келгенше жаңартылмаса тұрғындардың ыстық суды былай қойып, жылусыз қалатын түрі бар.


Лиза Бахрадинова, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

-Бірақ енді ағып тұрған ыстық су керек қой. Қаланың іші ғой ауыл емес. Қазанға бірдеңеге ысытып алатын. Ол өмірді де көргенбіз уақытында. Мына КСК-дағы қыздарды қайта қайта жібереміз. Мына Қалдыгулова деген бар «боқмұрын сол қалып еді » депті. Солай айтуға бола ма?