Бостон сотында Диас Қадырбаевқа өзінің ең жақын досы қарсы жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бостон сотында Диас Қадырбаевқа өзінің ең жақын досы қарсы жауап берді

Бостон сотында Диас Қадырбаевқа өзінің ең жақын досы қарсы жауап берді

Жохар Царнаевтың жарылғыш толы сөмкесін Диас Қадырбаев қоқысқа тастаған. Бостон сотында Азамат Тәжияқов ісіне қатысты жалғасқан сотта куәгердің бірі осындай мәлімдеме жасады. Бір қызығы, Қадырбаевқа қарсы жауап берген оның Баян Күмісқали есімді құрбысы.

  • 11 Шiлде 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz

Бірақ бойжеткен процеске әлеуметтік желі арқылы Қазақстаннан қосылыпты. Өйткені мұның алдында АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросынан куәгер ретінде арнайы иммунитетке ие болған. Сөзіне қарағанда, ол өзін қорғау үшін осындай әркетке барып отыр. Жарылғыш зат салынған сөмкені Диас Қадырбаев менің кеңесіммен қоқысқа тастады дейді. Өйткені Царнаевтың Бостонда болған марафон кезіндегі лаңкестік әрекетке қатысы барын достары жарылыстан кейін ғана білген. Содан қатты қорқып қалғандықтан, ланкеске тиесілі айғақтан осылай құтылмақ болыпты. Азамат Тәжияқовтың адвокаттары да осындай ұстанымда. Оның үстіне Қадырбаевтың өзі сөмкені алғанын тергеу басында-ақ мойындаған болатын. 


Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:

-Мен Қазақстанның ақпарат құралдары  жазып жатқан мәліметтің барлығын оқыдым. Сөйтіп, Азаматқа айттым:  «сенің адвокаттарының барлығы айыпты Диасқа жауып жатыр екен» десем, Азамат күледі. Өйткені Азаматтың айтқандарының барлығы Диастың адвокаттарымен келісіліп отыр.