Ол сондай-ақ федералдық заңда «2018 жылғы чемпионатқа дайындалуға жәрдемдесетін шетелдіктер үшін арнайы жеңілдікті визалық режім» қарастырылғанын айтып өтті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Ал дүбірлі дода алдында және ол өтіп жатқан кезде ресми қатысушылар — спортшылар, төрешілер, бапкерлерден басқа жанкүйерлер де Ресейге визасыз тәртіппен келе алады», — деп нақтылады Ресей елінің басшысы.