Бурабайдағы лагерге демалуға келген 9 жасар қыздың неден көз жұмғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабайдағы лагерге демалуға келген 9 жасар қыздың неден көз жұмғаны анықталды

Бурабайдағы лагерге демалуға келген 9 жасар қыздың неден көз жұмғаны анықталды

Бурабайдағы лагерге демалуға келген  9 жасар қыздың неден көз жұмғаны анықталды. Сот медицина сараптамасының  қортындысы бойынша, 4 сынып оқушысының сол жақ бүйрегі жарылып кеткен. Оның үстіне инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал жұрттың жағасын ұстатқан бұл оқиғаны бүгін Білім министрі өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

  • 12 Шiлде 2014
  • 485
Фото - Caravan.kz


Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Арнайы комиссияны құрдық. Сол комиссия жұмыс істеп жатыр. Бізде биыл 11 мың мекеме бар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын. Өткен жылы тоғыз мың болса, биыл екі мыңға өсті. Бізде арнайы комитет бар, сол комитет балалардың бар жағдайын қарап отыр.

Бірақ 9 жасар Аружан Әбілдина лагерге бармас бұрын медициналық тексерістен өтіп, «дені сау» деген анықтама алған. Енді жоқ жерден қалайша ішек инфекциясын жұқтырғанын марқұм қыздың анасы түсінбей дал. Тіпті бұл жағдайға баласына жөнді  қарамаған лагер тәрбиешілерін кіналап отыр. Айта кетсек, марқұм жеткіншек Қарағанды облысының Жәйрем кентінен Бурабайдағы сауықтыру орталығына демалуға келген. Осында Аружанның қызуы 4 күн бойы түспей, ақыры аурухана төсегінде бақилық болды. Енді жалғыз баласынан айрылған ата-ана «Континет» лагерін сотқа бермек.