Туристерді тақырға отырғызған «Гүлнар турға» қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туристерді тақырға отырғызған «Гүлнар турға» қатысты қылмыстық іс қозғалды

Туристерді тақырға отырғызған «Гүлнар турға» қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Гүлнар турға» қатысты ақыры қылмыстық іс қозғалды. Әзірге Алматының прокурорларына алданған 28 азаматтан шағым түскен. Сол бойынша, туристік компания келтірген шығын көлемі 6 миллион теңге деп есептеліп отыр.

  • 12 Шiлде 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz


Бірақ сәуірден бері демалысының шырқы бұзылып, әуежайларда тосылғандар саны шамамен 500-600-ге жуықтап қалады. Бұл аздай, теңіз жағасына барып, кейін кері қайта алмай қалған 400-ге жуық турист тағы бар. Ал Сыртқы істар министрлігі аталған компанияны лицензиядан айыру туралы Үкіметке өтініш жолдаған болатын. Бейресми ақпаратқа қарағанда, «Гүлнар тур» өткен жылдың қараша айында-ақ банкрот болған көрінеді. Бірақ мұнысын ешкімге білдірмей, әдеттегі жұмысын жалғастыруды ұйғарған екен. Қазір оның бас кеңсесі жабық. Басшыларының да қайда екені беймәлім.