«Алма-Арасан» шатқалында өткен жарыста мотоцикл жүргізушісі ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алма-Арасан» шатқалында өткен жарыста мотоцикл жүргізушісі ажал құшты

«Алма-Арасан» шатқалында өткен жарыста мотоцикл жүргізушісі ажал құшты

Алматы маңындағы «Алма-Арасан» шатқалында өткен жарыста бір мотоцикл жүргізушісі апатқа ұшырады. Бұл туралы kolesa.kz.сайты хабарлады.

  • 14 Шiлде 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Оқиға «Аюсай» дөңінде орын алған. «Ducati 1098» мотоциклін мінген 6 нөмірлі Антон Юхименко жарыс жолында мотоциклдің рөліне ие бола алмай, жол жиегіндегі тосқауылға барып соғылған. 1980 жылы туған азамат ауыр жарақаттармен шұғыл арада ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Апат жарыстың басында бірінші бұрылыста орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жарысқа қатысушы бұрылыс алында үлкен қателікке бой алдырған. Ол басқаруға ие бола алмай, тайғанап құлап бара жатқан мотоциклді қалпына келтіріп үлгермеген. Содан бар жылдамдығымен бұрылыстан шығып кетіп, жол жиегіндегі тосқауылға барып соғылған.

Апат орын алған соң, жарыс тоқтатылды. Кейінірек ралли автокөліктерінің (жарыстарға арнайы даярланатын көліктер) жарысы басталды. Алайда қатысушылар 20 шақырымдық екі айналымның орнына бір айналым ғана жасады. Кейін жарыс мүлдем тоқтатылды.