Бір топ құс ұшақты құлатып түсіре жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір топ құс ұшақты құлатып түсіре жаздады

Бір топ құс ұшақты құлатып түсіре жаздады

Кеше үндістандық Air India компаниясына қарасты жолаушылар ұшағы Ньюарктың (Нью-Джерси штаты)

  • 14 Шiлде 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz

халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Оған ұшақтың бір топ құспен қақтығысуы себеп болған көрінеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мәліметтер бойынша, ұшақта 313 адам болған. Жолаушылардың бәрі Ньюарктан Мумбайға бет алған. Ұшақ жерден көтерілісімен оның бір қозғалтқышына құс келіп соғылған. Ұшқыш осы оқиғадан соң рейсті кейінге қалдыруды жөн көрген. Аз уақыт Ньюарк аспанын айналып жүріп, аман-есен ұшақ әуежайға қайта қонған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ұшақ техникалық тексеруден өткізіліп жатыр.