Алматыда жантүршігерлік жол апатынан адамдар аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан адамдар аман қалды

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан адамдар аман қалды

Періштесі қаққан балалар! Алматыда бала-шаға толы келе жатқан жеңіл көлік екі бірдей жүк машинасының астында қала жаздады. Жол апаты тапа-тал түсте Рысқұлов даңғылының бойында болған.

  • 15 Шiлде 2014
  • 203
Фото - Caravan.kz


Ғаламторда пайда болған мына таспада оқиғаның нақты күні көрсетілмепті. Дегенмен жеңіл көліктің жол ережесін бұзғаны анық байқалады. Daewoo Gentrа  топырақ тиеген жүк көлігінің алдын кесіп өтемін деп соғылып, сол екпінмен екінші машинаның алдына бір-ақ шыққан. Одан қашамын деп сол екінші жүк машинасы да төңкеріліп түсті. Ал жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің жанында кішкентай екі бүлдіршін мен әйел отырған. Абырой болғанда, жолаушылар дін аман.