Виктор Храпуновтың ұлына іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виктор Храпуновтың ұлына  іздеу жарияланды

Виктор Храпуновтың ұлына іздеу жарияланды

Мемлекеттің миллиондарын қалтаға басып, шетел асқан Храпуновтардың тағы біреуіне іздеу жарияланды. Бұл жолы Интерпол Алматының экс-әкімінің ұлы Ілиясты іздеп жатыр.

  • 15 Шiлде 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz


Кіші Храпунов   ұйымдасқан қылмыстық топ құрып,алаяқтықпен айналысты  деген күдікке ілінген. Интерпол Ілиястың қандай бір күмәнді істері туралы білетіндердің хабарласуын өтініпті. Бірақ бір қызығы қонақ үй бизнесімен айналысатын әрі Швейцариядағы ең бай адамдардың бірі — 30 жастағы Ілияс  Храпунов қайда тұрып жатқанын ешқашан жасырған емес. Интерпол Қазақстанның өтініші бойынша, Ілиястан бөлек, оның әкесі Виктор мен анасы Лейлә Храпуновтарға да екі жыл бұрын іздеу жариялаған. Алайда батыс ақпарат құралдарына оңды-солды сұхбат таратып жүрген бұл екеуінің қолына әлі күнге дейін кісен салынбады. Алатау бөктеріндегі жерді гектарлап, мемлекет меншігіндегі ғимараттарды ондап сатып, 300 млн доллармен Швейцария асқан Виктор Храпуновтың жуырда ғана әйелімен ажырасқалы жатқаны да мәлім болған. Айта кетсек, Храпуновтардың үлкен қызы Эльвира да осы Швейцарияда тұрады. Және осы елдің ең бай азаматтарының тізімінде жүр.