Ямалда алып жер тесігі табылды - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ямалда алып жер тесігі табылды - ВИДЕО

Ямалда алып жер тесігі табылды - ВИДЕО

Ямалда таңғажайып жер тесігі табылды. Ямалда газ және мұнай кен орындарына қызмет көрсететін ұшқыштар тікұшақтан табиғаттың тосын бейнесін видеоға түсіріп алыпты. Олар «түпсіз алып шұңқырдың үлкендігі сонша, оған бір уақытта бірнеше Ми-8 тікұшағымен қонуға болады» деп отыр.

  • 15 Шiлде 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz

Бұл шұңқыр қалай, қайдан пайда болғаны жайлы дерек жоқ. Бірақ жорамал жасаушылар әңгімені сан-саққа жүгіртіп отыр: атом бомбасы жарылған соң пайда болған, метеорид құлаған немесе жатпланеталықтар шабуыл жасаған, деп жазады rosbalt.ru.

Бұл видеоның авторы адамдар шұңқырдың жан-жағындағы жасыл желекті бір көргенде даланың шөбі деп қалулары мүмкіндігін, бірақ ол шөп емес, орман екендігін айтады. Осыдан-ақ тегіс жерде пайда болған бұл түпсіз шұңқырдың қаншалықты үлкен екенін болжай берсе болады.

Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың түбінде әлдене сарқырап ағып жатқан көрінеді және олар оның шуылынан құлақ тұнатынын жеткізеді.