Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде «Ресей жасақтарды қару-жарақпен және қондырғылармен қамтамасыз етіп, қаруланған адамдардың шекарадан өтуіне көмектесіп отыр деп есептейміз» делінген.
Мәлімдеменің Еуроодақтың сәрсенбіде басталатын саммиті қарсаңында жасалуы тегін емес, — дейді сарапшылар. АҚШ осы жиында Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдатуға қол жеткізбек.