Қаңтар-мамыр аралығында Қазақстандағы қылмыс деңгейі 3,9% қысқарған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтар-мамыр аралығында Қазақстандағы қылмыс деңгейі 3,9% қысқарған

Қаңтар-мамыр аралығында Қазақстандағы қылмыс деңгейі 3,9% қысқарған

Биылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 138 мың 520 қылмыс тіркелген.

  • 15 Шiлде 2014
  • 569
Фото - Caravan.kz

Бұл өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,9% кем.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, аталған уақыт аралығында еліміздің әрбір 10 мың тұрғынына шаққанда 195 қылмыстан келген.

Атап айтсақ, өткен бес айда жеке адамға қатысты 4558 қылмыс жасалған. Оның 387-сі қасақана кісі өлтіру немесе өлтіруге әрекеттену, 627-сі адам денсаулығына қасақана залал келтіруге қатысты қылмыстар.

Сонымен қатар, қаңтар-мамыр аралығында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қатысты 11519 қылмыс тіркеліпті. Ал, азаматтардың жеке меншігіне қатысты 107 мың 838 қылмыс жасалған. Оның 629-ы ұрлық.

Агенттік хабарламасына қарағанда, биылғы жылдың бастапқы бес айында тексерілген қылмыстар бойынша 59 млрд теңге шығын келтірілген. Оның 59,9 пайызы жеке меншік мүлікке қатысты болса, 32,9 пайызы кономикалық қызметке қатысты жасалған.

Аталған уақыт аралығында есірткіге қатысты 1634 қылмыс жасалған. Бұл өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 4,1% кем.


Қаңтар-мамыр аралығында құқық қорғау орындары қылмыс жасаған 41 мың 819 адамды ұстаған (2013 жылмен салыстырғанда 8,7% артық). Оның 15,7%-ы әйелдер, 0,02%-ы кәмелет жасына толмағандар, 1,8%-ы шенеуніктер, 8,4%-ы бұрын істі болған азаматтар.

Қылмыс жасағандардың 79,2 пайызы жұмыссыз. Әрбір алтыншы адам қылмысты мас күйінде жасаса, әрбір бесінші адам топтасып жасаған.

Аталған уақытта 18 мың 880 адам қылмыстық жауапқа тартылды.