Футболдан ел кубогы үшін жартылай финалда кездесетін командалар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан ел кубогы үшін жартылай финалда кездесетін командалар анықталды

Футболдан ел кубогы үшін жартылай финалда кездесетін командалар анықталды

“Астана” велокомандасының лидері Винченцо Нибали бабында. Көпкүндік супервелододаның 10-шы кезеңінде алдына жан салмаған италиялық 161 шақырымдық таулы кезеңде мәреге бірінші жетті.

  • 16 Шiлде 2014
  • 173
Фото - Caravan.kz

Жеті асуыдан тұрған жарыс жолы шабондоздарға оңай соқпады. Мәселен даңқты испандық Альберто Контодор тізесін жарақаттап жарысты жалғастыра алмады. Ал алғашқы кезеңдерде тағы бір фаворит Крис Фрумда бәйгеден шығып қалған. Сондықтан “Астана” өкілі жалпы есепте жеңімпаз атануға бірден бір үміткер. Ол қазірдің өзінде генералдық тізімдегі алғашқы орынға қайта оралды. Нибалиға 2 минут 23 секунд қалып австралиялық Ричи Порт келеді. Жалпы есептегі үшінші нәтиже әзірге Алехандро Вальвердеге тиесілі.   

 

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалының жеребе тарту рәсімі өтті. Жартылай сында “Астана”, “Ақтөбе”, “Қайрат” және “Шахтер” өнер көрсететіні белгілі.

Жеребе нәтижесі бойынша “Қайрат” “Шахтермен” ал, “Ақтөбе” “Астанамен” өзара финалға берілер жолдаманы сарапқа салмақ. Командалар алғашқы матчтарын тамыздың 16 да ал қарымта кездесулерін 24-ші қыркүйекте өткізбек. Естеріңізге сала кетсек жартылай финалда өнер көрсететін командалардың барлығы биыл еурокубокта доп тебеді. “Астана” мен “Қайрат” еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен өткені белгілі. Ал “Ақтөбе” ертең тбилисидің “Динамосына” қарсы ойнамақ. 

 


Бразилиядағы чемпионаттың үздік сұрмергені  колумбиялық Хамес Родригес енді мадридтық “Реалда” өнер көрсетпек. Францияның “Монако” клубында ойнайтын 23 жастағы шабуылшы жеке келісімін берген.

Енді екі клуб өзара трансфер құнын нақтылап жатыр. “Монако” талантты футболшыны 80 миллион евро және Пепе мен Коэнтрауға айырбастауды ұсынған. Бірақ “корольдік клуб” оларға 70 миллион евро және бразилиялық жартылай қорғаушы Каземироны беруге дайын екендігін мәлімдеді. Егер қос команда трансфер құнымен келіссе Хамес Родригес жылына 7,5 миллион евро табыс таппақ. Колумбия құрамасының шабуылшысы әлем чемпионатындағы 5 кездесуде 6 гол соғып, мундиальдың ең нәтижелі ойыншысы атанған.