Арқанкергенде болған қайғылы оқиғадан кейін қатардағы жауынгер Денис Рейдің өлі-тірісін анықтау қиынға соққан еді. Сараптама жұмыстарына Германияның Шарите институтының мамандары да шақырылды. Бірақ марқұмның денесі түгелдей жанып кеткендіктен, ДНК-сын білу мүмкін болмады. Енді шекарашының қаза тапқаны туралы шешім шыққан кейін, әскери прокуратура Татьяна Рей ұлы үшін 500 айлық есептік көрсеткіш бойынша өтемақы талап ете алатынын ескертті. Сонымен қатар, қаралы ана моральдық өтемақы өндіру үшін сотқа талап арыз жазбақшы. Арқанкергендегі қырғын 2012 жылы 28 мамырда болған. Әскерге Қарағандыдан шақыртылған Владислав Челах шекарада 14 қызметтесі мен қорықшыны қырып салған болатын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған қандықол Челах қазір Арқалықта жазасын өтеп жатыр.