Шиеліде облыстағы алғашқы роботтандырылған дәріхана ашылды - Қызылорда - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шиеліде облыстағы алғашқы роботтандырылған дәріхана ашылды - Қызылорда

Шиеліде облыстағы алғашқы роботтандырылған дәріхана ашылды - Қызылорда

Кент орталығында жаңа форматтағы фармамаркет «Мөлдір» дәріханасы ашылды, деп хабарлады Шиелі аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

  • 16 Шiлде 2014
  • 514
Фото - Caravan.kz

Басқа дәріханалардан айырмашылығы — ол облыстағы  роботтандырылған  алғашқы дәріхана. Бұл еліміз бойынша Астана мен Өскеменнен кейінгі үшінші жоба. Екі қабаттан тұратын дәріхананың алғашқы қабатында фармамаркет орналасқан. Мұнда балалар мен ересектерге арналған көптеген дәрілерді табуға болады. Ал денсаулық пен сұлулыққа арналған екінші қабатында УДЗ, косметолог, педиатр,терапевт, массаж бөлмелері бар.

Мұндағы косметология бойынша дәрігер маман Қытайда білімін арнайы жетілдірген, бірнеше жыл бойы Астана қаласындағы медициналық мекемеде жұмыс жасап, тәжірибелі дәрігерлердің санатына қосылған. Енді, міне, сондай білікті маман Шиеліде жұмыс жасайтын болады.

Дәріхана күн сәулесі энергиясымен қамтамасыз етілген. Қондырғы дәрі-дәрмектің шағын қоймасы түрінде жасалған. Бір мыңнан астам дәрі-дәрмектің атауын біледі. Фармацевт компьютерде медициналық препараттың атын терсе болғаны, робот 5-10 секунд ішінде тапсырманы орындап, тауарды тауып алып, дәріхана қызметкеріне жеткізеді. Тұтынушыға қажетті дәрі-дәрмек қондырғының ішінде сақтаулы болса, онда оны бірден адамның қолына ұстатады. Роботқа 8 мыңнан астам дәрі қорапшасы сиятынын айта кету керек.


2 3 3