Германия билігі тыңшылықтан қорғану үшін баспа машинкаларға көшуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германия билігі тыңшылықтан қорғану үшін баспа машинкаларға көшуі мүмкін

Германия билігі тыңшылықтан қорғану үшін баспа машинкаларға көшуі мүмкін

Бундестаг депутаттары АҚШ тарапынан тыңшылыққа қарсы тұру үшін баспа машинкаларын пайдалану туралы ойлануда,

  • 16 Шiлде 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

деп кеше герман телевизиясы эфирінен Германиядағы ҰҚА қызметін тексеру жөніндегі Бундестаг комитетінің төрағасы Патрик Зензбург мәлімдеді.

Оның айтуынша, баспа машинкаларын пайдалану АҚШ-тың герман шенеуніктеріне қатысты тыңшылық әрекеті тұрғысынан заманауи технологияларға балама болуы мүмкін.

«Біз ішкі коммуникациямызды құпия ұстап, шифрленген электрондық пошта, криптотелефондар мен өзге шаралар қолдануға тырысуымыз қажет», дейді П.Зензбург.


Бұрын хабарланғандай, ГФР билігі ЦРУ резиденті герман қауіпсіздік қызметкерлерін өз жағына тартатынына күдік келтірген болатын.