Қазақстан Президенті мәскеулік метрода құрбан болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті мәскеулік метрода құрбан болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті мәскеулік метрода құрбан болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинге мәскеулік метрода пойыздың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады.

  • 16 Шiлде 2014
  • 608
Фото - Caravan.kz

Мәскеу метросындағы апат салдарынан адамдардың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар Н.Назарбаевқа ауыр тиді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан халқы және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын, сондай-ақ апатта зардап шеккендердің барлығы тезірек жазылсын деген үміттемін», — делінген жеделхатта.

Елбасы бауылас Ресей халқына бекем болуды тіледі.


Бұрын хабарланғандай, мәскеулік метрода 15 шілде күні сағат таңғы 08:30 шамасында пойыздың үш вагоны рельстен шықғып кеткен.

Соның салдарынан жиырма шақты адам қайтыс болып, 160-тан астам адам зардап шекті.

Тергеу бұл теракт емес, техногенді апат деген пайымдау келтіруде.