Өскеменде жауған тас бұршақ отыздан астам көлікті бүлдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жауған тас бұршақ отыздан астам көлікті бүлдірді

Өскеменде жауған тас бұршақ отыздан астам көлікті бүлдірді

Өскеменде таяуда жауған бөдененің жұмыртқасындай тас бұршақтар отыздан астам көлікке зиян келтірді,

  • 16 Шiлде 2014
  • 756
Фото - Caravan.kz

деп облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, тас бұршаққа байланысты «112» және «138» қызметіне қала тұрғындарынан елу шақты қоңырау келіп түскен.

Бұршақ жауып, оқтын-оқтын соққан жел салдарынан отыздан астам көліктің кузовы мен әйнектеріне зақым келген.

Бірнеше ағаш құлаған. Зардап шеккендер жоқ.


Жақын күндері Өскеменде тағы бұршақ жаууы мүмкін. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелеріне көліктерін гаражға немесе жабық жерлерге қоюға кеңес беруде.