Ғалымдар: жақын достар генетикалық жағынан ұқсас келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: жақын достар генетикалық жағынан ұқсас келеді

Ғалымдар: жақын достар генетикалық жағынан ұқсас келеді

Америкалық ғалымдардың айтуынша, жақын достар генетикалық жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді.

  • 16 Шiлде 2014
  • 617
Фото - Caravan.kz

Мамандар бұл зерттеуін Proceedings of the National Academy of Sciences журналына жариялаған.

Зерттеушілердің пікірінше, екі достың генетикалық маркерлерінің ұқсастықтары олардың арғы ата-әжелерімен ұқсастығы сияқты болып келеді.

«Сіздердің достарыңыз сізге тек сырттай ғана емес, генетикалық жағынан да ұқсас болып келеді», — дейді зерттеудің авторы,  Йель университетінің маманы Николас Кристакис.

Ғалымдар өз зерттеулеріне жүздеген жұп достар мен таныс емес адамдарды, сондай-ақ жүз мыңдаған генетикалық маркерлерді пайдаланған екен.