Банкроттықты оңалту жөніндегі елордалық басқарманың конкурстық басқарушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банкроттықты оңалту жөніндегі елордалық басқарманың конкурстық басқарушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Банкроттықты оңалту жөніндегі елордалық басқарманың конкурстық басқарушысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Астана бойынша банкроттықты оңалту жөніндегі басқарманың конкурстық басқарушысы Ержан Қожахметке қатысты қылмыстық істі тексеріп бітті.

  • 16 Шiлде 2014
  • 313
Фото - Caravan.kz

Пара беруге итермелеу және алаяқтық фактісі бойынша іс материалдары маусымның соңында прокуратура органдарына жіберілді, қазіргі кезде іс сотта қаралуда, дейді қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Шенеунік 2014 жылы 19 маусымда жеке кәсіпкерді алдау және сеніміне кіру арқылы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына пара ретінде 1 млн теңге беремін деп желеу етіп одан 400 мың теңге алғаны үшін айыпталуда.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.