«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына жаңа өзгерістер енгізілді

«Бизнестің жол картасы 2020» жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасына ҚР Үкіметінің қаулысымен кезекті өзгерістер пакеті енгізілді. Бұл туралы бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2014
  • 362
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаға енгізілген басты өзгеріс, бұл «Даму» қоры тарапынан кепілдік беру барысында, кәсіпкерлікпен енді айналыса бастаған, жасы 29-ға толмаған азаматтар үшін салалық шектеулердің толығымен алынып тасталуы болды. Кәсіпкерлікті жаңадан бастаған азаматтарға берілетін несие бойынша кепілдік көлемі несие құнының 70 пайызын құрайды. 

Яғни, жас кәсіпкерлер 20 млн. теңге көлеміндегі несиені, бар болғаны осы соманың үштен біріне тең кепілзатымен қамтамасыз етіп, қызмет түрі бойынша ешбір шектеусіз ала берулеріне мүмкіндіктері бар. Ал жетпей тұрған кепілзатты қамтамасыз етуге «Даму» қорының кепілдігі ұсынылады.

«Даму» қоры бұл енгізіліп отырған өзгерістер сауда-саттық, қоғамдық тамақтану және басқа да салаларда жастар кәсіпкерлігінің дамуына жаңа серпін береді деген сенімде. Бұған дейін аталмыш салалар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында басым салалар қатарына кірмеген болатын.

Айта кетелік, бастауыш кәсіпкер дегеніміз Банктен несие алуға ниет білдірген уақытқа дейін Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, уақыты бір жылға толмаған жеке кәсіпкерлік субъектісі. Сонымен қатар, бастауыш кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметіне байланысты несиелік тарихының болмағаны абзал. Тек бастауыш кәсіпкерге ғана жұмыс істеп тұрған басқа жеке кәсіпкерлік субъектісімен бірлесе жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Бірақ бұл жағдайда ол жаңа қызмет түрін қолға алуы шарт. 


Бастауыш кәсіпкер ұғымына 29 жасқа (қоса есептегенде) дейінгі жеке кәсіпкерлер жатады. Олардың жасы бастауыш жеке кәсіпкердің банкке жүгінген күнімен есептеледі.

Бүгінгі таңда бастауыш кәсіпкерлерді несиелеу бағдарламалары бойынша төрт қазақстандық банк: ЦентрКредит банкі, Қазақстанның Халық банкі, «Ресей жинақ банкі» және «АТФ Банк» жұмыс істеуде.