Атырауда 10 Қытай азаматы ұсталды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 10 Қытай азаматы ұсталды (ФОТО)

Атырауда 10 Қытай азаматы ұсталды (ФОТО)

Атырау облысында сот Қытай Халық Республикасының 10 азаматын қамауға алуға санкция берді. 

  • 16 Шiлде 2014
  • 457
Фото - Caravan.kz


«ҚХР азаматтары Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылында миграциялық полицияның тексеру іс-шаралары кезінде ұсталды. Ұсталғандар — Мыңтеке кен орнында барлау, бұрғылу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Синопек» мұнай компаниясының бұрғылаушылары. Тексеру кезінде қытайлықтардың Ақтөбеде облысында тіркелгендігі анықталған. Олар басқа аймақта жұмыс жасау үшін құзырлы органнан рұқсат алмаған», — деді облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мухтарова.

Қазіргі уақытта миграция тәртібін өрескел бұзған қытай азаматтарын ғана емес, оларды жұмысқа тартқан компанияға да жаза қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.
1