Аймақтағы екі мыңдай нашақордың барлығы «қолтырауын» деп аталатын осы дозаны қолданады екен. Оны бензин, күкірт пен қарапайым кір жуатын ұнтақтан үйде отырып дайындайды. Бірақ артынан терісі шіріп, шашы түсіп, ақыры миы істемей қалады.Қазір осындай жағдаймен ауруханаға түсіп жатқандардың саны күннен-күнге көбейіп барады. Дәрігерлер бұрын наркологиялық ауруханаға түскендердің есін жиғызып, психологиялық көмек беретін болса, енді олардың жарасын таңудан бастап, дене мүшелерін кесіп тастауға дейін баруда.
Есенаман Нысанов, Ақтөбе облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары:
—Бұрын тек есірткіден емдесек, қазір бұлардың асқынған түрі көбейіп кетіп тұр. Оның ішінде айта кетсек, улану, пневмания, бауыр жағынан, бүйректің асқынуы дәреті жүрмей қалып жатыр.