Сот ШҚО тұрғынын Екібастұздың бұрынғы әкімінің өліміне айыпты деп таныды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот ШҚО тұрғынын Екібастұздың бұрынғы әкімінің өліміне айыпты деп таныды

Сот ШҚО тұрғынын Екібастұздың бұрынғы әкімінің өліміне айыпты деп таныды

ШҚО тұрғыны Олжас Мейрамбаев Екібастұздың бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевты  тапсырыспен өлтірді деп таныды. Сот отырысы Павлодардың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өтті.

  • 17 Шiлде 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

Алқа билер сотының айыптау тұжырымдары негізінде айыпталушы 15 жылға бас бостандығынын айыруға  және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды, деп хабарлады соттың баспасөз  қызметі.

Бұл О.Мейрамбаевқа қайтадан өткен сот болатын. Алғашқысында оған ақтау үкімі шығарылды, бірақ та облыстық прокуратура оған наразылық білдіріп, ол алқабилер сотының алдында жауап берді, бұл жолы оның айыбы толық дәлелденді.

Еске сала кететйік, Екібастұздың бұрынғы әкімін өлтіру оқиғасы 2008 жылғы мамырда болды. Оны күндіз өзінің джип машинасына отырып жатқанда «Асыл» қалалық базарының қасында атып кетті. Кісі өлтіруші оны күтіп тұрған машинамен із жасырды.