Месут Өзіл 23 баланың отасына қаржы бөлмек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Месут Өзіл 23 баланың отасына қаржы бөлмек

Месут Өзіл 23 баланың отасына қаржы бөлмек

Дертке шалдыққан 23 бразилиялық балаға Месут Өзілдің қаражатынан ота жасалады, деп жазады шетелдік  БАҚ.   

  • 17 Шiлде 2014
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Құрметті жанкүйерлер, мен Әлем Кубогы қарсаңында 11 балаға ота жасалуына демеушілік көрсеттім.  Әлем чемпионатындағы толық құрамамыздың жеңіске қол жеткізгеннен кейін 23 балаға  көмек көрсеткім келеді. Бұл — менің бразилиялықтардың қонақжайлылығына деген алғысым», — деді Өзіл «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. 

25 жастағы жартылай қорғаушы мундиальда жеті ойын өткізіп, бір гол соққан. Ол Германия құрамасымен бірге ақтық сында Аргентина құрамасын артта қалдырып (1:0, қосымша уақытта), алтын медальға ие болды.