"Кеше сағат 22:06-да мұнай қалдығы бар 5 мың текше метр көлемді резервуар өртенді. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы бақылау басқармасының басшысы Асқар Төлешов мәлімдеді.
Өрт салдарынан үш адам зардап шекті, біреуі дәрігерлік тексеруден кейін үйіне қайтарылды, қалған екеуі жергілікті ауруханада.
Өрт сөндірушілер қасында тұрған бензинң бар үш резервуар мен мұнай және мазут құйылған екі резервуарға өрттің жайылуына жол бермеді.
Үш сағат ішінде өрт сөндірілді.