Бұл туралы primeminister.kz жазады.
«Нақты айтқанда, алда өтетін жария ету Қазақстан Республикасы аумағынан шет жерлердегі мүлікті жария етуге мүмкіндік беретіндігіне назар аударған жөн», — делінген ведомство хабарламасында.
Айта кету керек, мүлікті жария етуде Қазақстан Республикасының заңнамасына сай толтырылмаған немесе бөтен біреудің атына толтырылған және табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан алынған мүлікке мемлекетітк құқықты мойындау процедурасы түсіндіріледі.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, басты мақсат заңдастырылған капитал түріндегі экономикаға қосымша құралды енгізу болып табылады. Акция азаматтарға бар мүлігін заңдастыруға және мүлікті заңды айналымға шығаруға мүмкіндік береді.
«Аталған науқанға қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және заңда бекітілген тәртіппен мүлікті жария ететін ҚР-да мекендеу қағазы бар тұлғалар құқылы», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Жария ету заңымен жария етуге жататын және керісінше жатпайтын мүліктің толық түсінігі бекітілген.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 30 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарына олардың ақшаларын жария етуге байланысты рақымшылық жасау» Заңына қол қойған болатын, ол 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Осылайша, мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Сонымен бірге, ақшадан бөлек мүлікті жариялау үшін құжаттар тапсыру мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады.