Бұл туралы «ҚазАгро» холдингінің басқарушы директоры Қанат Жауымбаев мәлім етті.
«Қателеспесем өткен жылы 18 млн тоннаға жуық астық жинап алынды. Ауа-райы қолайлы болып тұрса, биылғы өнім көлемі де бункер салмағымен қосқанда сол деңгейден төмен болмауы тиіс», — деді Қ.Жауымбаев бейсенбідегі брифингте.
Ол «әр жерде әркелкі болып тұрған ауа-райының маңызы зор» екенін атап өтті.
«Мәселен, бір ғана Қостанай облысының кей бөлігінде ылғал жеткілікті болса, енді бір бөлігінде қуаңшылық басым. Ауа-райы осы күйінде тұрақтап тұрса бәрі ойдағыдай болуы тиіс», — деп қорытты К.Жауымбаев.
2013 жылы ел қамбасына 18 млн 231 мың 100 тонна астық пен бұршақ тұқымдастар құйылған болатын. Оның 76,5 пайызы бидай.