Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
«Жыл басынан бері Астанада 47 менингококк инфекциясын жұқтыру фактісі тіркелді. Әдетте, сырқат тамыз-қыркүйек айларында белең алады. Бірақ биыл жаздың басы қатты ыстық болғандықтан бір ай бұрын басталды», — деді Ж.Бекшин бейсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазір «эпидемиологтар мен инфекционист-дәрігерлер бұл проблемамен айналысып жатыр».
Өз кезегінде, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «жағдай жіті бақылауда» деп сендірді.