Жуалыда пара алып жатқан шенеунік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуалыда пара алып жатқан шенеунік ұсталды

Жуалыда пара алып жатқан шенеунік ұсталды

Жамбыл облысында шенеунік пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Жуалы аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі жер теліміне қажетті құжатын шұғыл рәсімдеп беру үшін жергілікті тұрғыннан 130 мың теңге сұраған.  

  • 31 Шiлде 2014
  • 207
Фото - Caravan.kz


Келісілген ақшаның 50 мың теңгесін шенеунік күні бұрын алып жаратып жіберсе керек. Оңай олжаға дәніккен маман ақшаның екінші жартысын алып жатқанда қармаққа түскен. Арызданған адам құзырлы орынның өкілдерін де ерте келіпті. Құлқыны кең шенді енді кемі 5 жылға сотталуы мүмкін.