— Оңбаған. Алла жазаңды берсін.
Мас күйде көлік жүргізген әнші қыз өткен аптада ұсталғанда, жол сақшыларына осылай доқ көрсеткен еді. Ал өзін «Kesh you» тобының әншісімін деп таныстырды. Тіпті ашуға бой алдырған әнші ішкі істер бөліміне барудан бас тартып, полицейлердің бірінің шалбарын жыртып, бірінің қолын тістеп алған. Жадыра Құтпанова енді үш жыл «темір тұлпар» тізгініне отыра алмайтын болды. Бұдан бөлек, әнші тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткені үшін тағы да жауапқа тартылуы мүмкін.