Білім басқармалары қазақстандықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім басқармалары қазақстандықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады

Білім басқармалары қазақстандықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады

Астанада жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталады.

  • 31 Шiлде 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Қалалық Білім басқармасынан хабарлағандай, ол биыл 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында «Балаларға мейірімділік сыйла» ұранымен өтеді, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Ауқымды акция еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады. Оның мақсаты — аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу.

Ұйымдастырушылар әр баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қала тұрғындары мен қазақстандықтарды шараға жұмыла атсалысуға шақырады. Оған қатысуға ниет білдірушілер Білім басқармасының мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 55-68-74, 55-68-75.