Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді

Астанада мектеп жәрмеңкесі өтеді

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Астанада мектеп тауарлары мен оқу құралдары жәрмеңкесі өтеді.

  • 1 Тамыз 2014
  • 687
Фото - Caravan.kz

Биыл тұрғындарға ыңғайлы болу үшін шараны 16-23 тамызда демалыс күндері өткізу жоспарланған. Жәрмеңке әдеттегідей әкімдік алдындағы қалалық алаңда ұйымдастырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Білім басқармасы мәлімдеді.

Жәрмеңкеден Астана тұрғындары мен қонақтары қажетті тауарларын қолжетімді бағада сатып ала алады. Келушілердің назарына қаламнан бастап есептегіш калькулятор мен түрлі қалыптағы дәптерге дейінгі алуан түрлі оқу-құралдары қойылады. Сонымен қатар, Астана  және Қазақстанның өзге де аймақтарының кәсіпкерлері мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған киімдер, аяқ киім, портфель мен сөмкелерді ұсынады. Мектеп жәрмеңкесі өтетін күндері келушілерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қоғамдық тамақтану нүктелері ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, мектеп жәрмеңкесі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Астанада жыл сайын өткізіледі.