Енді жолаушылар жол жүру үшін бұрынғы 45 теңгенің орнына 60 теңге төлейді, деп хабарлады жұмада "Интерфакс-Қазақстанға" "Жолаушыларды тасымалдау" қауымдастығының төрағасы Рүстем Қалишев.
Сонымен қатар жеңілдік алушылардың да санаты 15-тен 10-ға дейін кеміген.
"Жеңілдіктер Ұлы Отан соғысының ардагерлері, олардың жесірлері, қала маңындағы бірнеше ауылдың балалары, қаланың құрметті азаматтары үшін сақталған. Бүкіл жеңілдік санатындағыларға бір жылға бірыңғай үлгідегі жолаушылар билеттері берілетін болады", деді ол.
Көкшетауда шамамен 125 мың адам тұрады.