Куәгерлердің айтуынша, жануар әбден шошынып қалған екен. Себебі, таңғы тоғыздар шамасында көргенде, көшелердің арасында тағат таппастан, арлы-берлі сандалып жүріпті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылардың болжамынша, елік торда ұсталған. Себебі, мойнында қарғыбаудың іздері бар. Ал елікті қаққан жүргізушінің өзі ізін жасырынып үлгерген.