«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінде әлемдік деңгейдегі авторлардың әндері шырқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінде әлемдік деңгейдегі авторлардың әндері шырқалады

«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінде әлемдік деңгейдегі авторлардың әндері шырқалады

Өнерсүйер қауым асыға күткен «Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне дайындық қызу жүріп жатыр. Бір айдан кейін оңтүстік астанада әлемдік деңгейдегі авторлардың әндері әуелейді. Голливудтағы «Оскар» сыйлығын иеленген фильмдерге арнап жазылған әндерді биыл негізінен жастар орындамақ.

  • 5 Тамыз 2014
  • 233
Фото - Caravan.kz

Дыбыс жазу студиясында күнде дайындық. Дүбірлі шараның 15 жылдық мерейтойына қатысушыларға қойылатын талап та қатаң. Атақты киносыншылардың қырағы сынынан өтіп, «Оскарды» алған фильм әндерін орындау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қыркүйектің 6-сында  алматылықтар мен қала қонақтары сағындырған сазды тыңдап, құлақ құрышын қандырмақ.

Равиль Исаков, «The Jigits» тобының әншісі:



— «Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Біз биыл «Елес аулаушылар» фильмінің саунд-трегін орындайтын болдық. Қатысушыларға арнайы костюмдер тігіліп жатыр. Биылғы фестиваль бұрынғылардан ерекше болмақ. Қапы қалмаңыздар.