Аударылған Атырау-Алматы пойызына қатысты іс сотқа жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аударылған Атырау-Алматы пойызына қатысты іс сотқа жетті

Аударылған Атырау-Алматы пойызына қатысты іс сотқа жетті

Алматы-Атырау бағытында  апатқа ұшыраған жолаушылар пойызына қатысты іс сотқа жетті. Айыпты ретінде теміржолда жөндеу жұмыстарын жүргізген екі адам – Атырау жол дистанциясының бастығы мен соның орынбасары тартылмақ. Іс Қызылқоға ауданында қаралмақ.

  • 5 Тамыз 2014
  • 351
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек, Алматы-Атырау бағытында келе жатқан жолаушылар пойызы биыл 19 сәуір күні Мақат стансасы маңында апатқа ұшыраған еді. 13 вагон рельстен шығып кетіп, 7-еуі аударылды. Абырой болғанда, адам өлімі болған жоқ. Бірақ сол сәтте пойызда болған 580 адамның  44-і дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Кейін апаттың себебін анықтаған мамандар теміржолдағы жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген деген қорытынды шығарған. Яғни, жөндеу кезінде тиісті талаптар сақталмағандықтан рельске зақым келген екен.