Қарағандының әйелдер колониясына Астана тұрғынынан есірткісі бар орама келген - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының әйелдер колониясына Астана тұрғынынан есірткісі бар орама келген

Қарағандының әйелдер колониясына Астана тұрғынынан есірткісі бар орама келген

Сотталған әйелге арналған ораманы қарау кезінде АК-159/9 мекемесінің қызметкерлері «Полет» маркалы темекіден есірткі заттарын тапқан, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті.

  • 5 Тамыз 2014
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Шын мәнінде, айлалы тәсіл арқылы «дәріні» колонияға жеткізбек болған. 40 целлофан орамаға салынған есірткі орамалары темекінің  фильтріне салынған. Сот-химиялық сараптама тәркіленген орамаларда жалпы салмағы 13 грамм болатын героин мен гашиш болғанын анықтады.

Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық тергеу бөліміне жолданды», — деп атап өтті Қарағандының ҚАЖ облыстық департаментінде.