Ол темір жол маңында ойнап жүріп, күзетілмейтін «қараусыз» тұрған поездың құрамындағы бос вагон-цистернаның үстіне шығып, электр тоғына түсіп қалған. Соның салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім 2-ші және 3-ші дәрежелі термикалық күйік алды. Ол Арыс орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Көліктегі ІІД әкімшілік полиция қызметкерлері темір жол бойына жақын тұратын отбасыларын балалардың жазғы демалысы кезінде аса мұқият болуға шақырады. Темір жол бойынан өту ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Айта кетейік, елімізде жыл басынан бері жасөспірімдер арасында темір жол бойындағы жарақат алудың 39 фактісі тіркелген. Олардың қатарында жолаушы поездары вагондарындағы екінші сөреден құлап кету, темір жол бойында белгіленбеген жерден өтіп, ережелерді бұзу оқиғалары бар.