4 танк экипажынан тұратын біздің танкшілер Ресей жерінде сынаққа түсуге машықтанғанға ұқсайды. Олар полигонға ертерек келіп, даланың қыр-сырын меңгеріпті. Жалпы, Қазақстан командасы былтыр да осы чемпионаттан екінші орынды иеленіп келген. Биыл да жеңістен үміттеніп отыр. Алайда, экипаж үшін жерден көтерілген шаң кедергі келтіріп жатыр. Ал жарыстың негізгі мақсаты да осы шаңдарға қарамастан сызықтан аспай, мәреге жету. Кеше хабарлағанымыздай, бұл халықаралық сайысқа 12 елдің әскерилері қатысуда.