Алматыда астыртын казино әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда астыртын казино әшкереленді

Алматыда астыртын казино әшкереленді

Оның иесі «Гауһартас» тұрғынүй кешеніндегі пәтерлердің бірін ойынханаға айналдырған.

  • 6 Тамыз 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz

Бұл жерден фишкалар, ойын столы мен карталар тәркіленді. Кәсіпкер пәтерді бір тәулікке жалдап отырған. Оған заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ол бар кінәні мойнына алған. Енді 7 жылын темір торда өткізуі мүмкін. Немесе 240 сағат қоғамдық жұмысқа жегіліп, мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Жалпы, Алматыда заңсыз ойын бизнесі әлі де жойылған жоқ. Көлеңкелі кәсіп иелері ірі сауда орталықтарында караоке, бильярд клубтарының атын жамылып астыртын ойынхана ашуда. Сонымен қатар, онлайн-казиносы бар интернет-кафелерде де құмар ойынның көрігі қызып


Жақсылық Жақыбаев, Алматы қалалық Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

— Алматы қаласы үлкен мегаполис болғандықтан, бұл жер заңсыз ойын бизнесінің орталығы деп саналады. 2012 жылдан бері Қаржы полициясы департаменті Алматы қаласы аумағында күшейтілген жұмыстар жүргізді. Екі жарым жылдың ішінде 250-ге жуық қылмыс анықталды. Бұның көбісі астыртын ойынханалар және интернет-кафелер.