Павлодардағы жылу электр стансасында жөндеу жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы жылу электр стансасында жөндеу жұмыстары басталды

Павлодардағы жылу электр стансасында жөндеу жұмыстары басталды

Павлодардағы жылу электр станциясында жөндеу жұмыстары басталды. Жарылыстан кейін мұндағы екінші қазандық істен шығып, станцияның барлық жұмысы тоқтап қалған еді. Облыс орталығының үлкен бір бөлігі жарықсыз қалып,  бағдаршам істен шыққандықтан, қаладағы қатынас та аяқасты қиындап кетті. Қазір станцияда арнайы құрылған комиссия апаттың себебін анықтап жатыр.  

  • 6 Тамыз 2014
  • 196
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға дәл кезекшілік ауысып жатқан кезде болған. Үйлеріне апарып тастайтын көлікті күтіп тұрған қызметкерлер қатты дүмпудің дауысын естиді. Кейін орталықтың шатырынан биіктігі жүз метрге жететін будақтаған қара түтін шығыпты. Апатты көзбен көргендер оны тіпті телефонына түсіріп үлгерген.   

Кейін энергетиктер станцияда қазандықтың бу жібергіші жарылғанын мәлімдеді. Апаттың алдын алу үшін іле-шала барлық турбиналар өшіріліп, артық қысымды ауаға жіберуге тура келген. Осы кезде жұмыста жүрген 25 жастағы слесарьды күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілді.

Асхат Мүрсәлімов, Павлодар қалалық №1 аурухана күйік бөлімінің қызметкері 

-Алғашқыға қарағанда күйігі он пайыздан аспайды. Жағдайы орташа қазіргі кезде. Өледі ау деген қауіп жоқ.

Станцияның жұмысындағы іркіліс қаланың көп бөлігін жарықсыз қалдырды. Бағдаршам істемей, трамвайлар тоқтап, көлік кептелісінен адамдар абыр-сабыр күйге түсті.  Мамандар бұл апатқа құрал-жабдықтардың ескіруі себеп болғанын айтуда.   


Асқар Шөмшеков, «Павлодарэнерго» ЖШС баспасөз қызметінің басшысы:

Бұл қазандық пен бужібергіштің жұмыс істеп келе жатқанына қырық жылдан асып кетті. Келесі жылы оны жөндеуді жоспарлап отырғанбыз. Құжаттарын биыл әзірледік.

Қаланың көзін байлап, көлік қатынасын тұралатып тастаған апатқа қатысты мәселе арада бірнеше сағат өткен соң ғана шешілді. Бұл үшін Павлодарды Қазақстанның ортақ электр желісіне қосуға тура келген. Ескірген қазандықты да жаңалапты. Кәзір станция бұрыңғы қалпына оралып, өз күшімен қалаға қайтадан электр қуатын бере бастады.