Мемлекеттiк бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызға дейiн жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттiк бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызға дейiн жарияланады

Мемлекеттiк бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызға дейiн жарияланады

Бұл Астанада өз жұмысын бастаған Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссия отырысы кезінде белгілі болды. Оның құрамына мемлекеттiк органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының өкiлдерi, тіпті Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкілдері енгiзiлген.

  • 6 Тамыз 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz


Білім министрілігі биыл бiлiм грантын тағайындау конкурсына қатысуға талап бергендер қатары өте көп дейді.  Яғни,  69 жас түлек тегін білім алғысы келеді екен. Алайда министрлік биыл грант бар-жоғы 35 мың түлек үшін бөлінді деп отыр. Қатысушылар арасында «Алтын белгi» иегерлерi, Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң түлектерi, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, спорт жарыстарының жеңiмпаздары бар. Нақ осы түлектер арасында техникалық мамандықтарға деген сұраныс көп екен. Мәселен, «биотехнология» мамандығына бөлінген 1 грантқа 6 адамнан, «геодезия», «картографияға»  4 адамнан таласуда. Ал медициналық мамандықтар түлектер арасында әлі күнге дейін танымалдылығын бәсеңдетпепті.  Бір грантқа шамамен 9 адамға дейін келеді. Ал сұранысы төмен мамандықтар  «Мұражай ісі», «Ескерткіштерді қорғау», «Мәдениеттану», «Ағаш жону технологиялары», «Физика», «Астрономия», «Кітапхана ісі», «Мал дәрігерлігі» жатады.