Бұл– бұрынғы Білім вице-министріне қатысты үшінші отырыс. Сотқа экс-шенеуніктің өзі әдеттегідей үйінен келсе, ал онымен ауыз жаласты деп айыпталған қос құрылыс компаниясының басшылары тергеу қапасынан кісенмен жеткізілді. Жалпы, оларға қарағанда, Шаяхметовтің жүріс-тұрысы да еркін. Ол сот залына емін-еркін кіріп-шығады, тіпті қалаған кезінде қорғаушысының қасына келіп, кеңес те бере алады.
Ал, мына азамат атышулы істің бірден-бір куәгері екен. Ол тергеушілерге: «Өскемендегі инженерлерге арнап салынған мектептің құрылысынан өрескел қате таптым, тіпті нысанның кейбір бөлігі аяқталмай қалған» деп түсінік берген. Алайда, неге екені белгісіз, ол сот алдында осы көрген-білгенін ұмытып, сөзінен жаңылды. Прокурор қайта сұрақ қойып, қанша сүйрегенімен түк шықпады.
Келген куәгер өзінесенімсіз деген бір топ қорғаушы соңында прокурорға бас салып еді, дәл сот залында сөзге келіп қалған тараптарды судья әзер сабасына түсірді. Ал адвокаттар куәгерден сол күйде тұщымды жауап ала алмады.
Осылайша куәгер еш құжатсыз-ақ айтқандарын дәлелдеп бермек болып еді, айыпталушылар бірден қарсылық білдірді.
Адвокаттардың да куәгерге күмәні басым болып тұр. Егер әр отырыс дәл осылай созыла берсе, экс-вице-министрге қатысты сотқа жақын күндері нүкте қойылмайтын сынды. Естеріңізге салсақ, бұрынғы Саят Шаяхметов қос сыбайласымен бірлесіп, Өскемендегі инженерлерді дайындайтын мектептің құрылысына бөлінген қазынаның 1 миллиардтан астам қаржысын жымқырды деп айыпталуда.