Полицейлердің мәліметі, бойынша 2014 жылдың 5 тамызы күні сағат 16:00 шамасында 56 жастағы жергілікті азаматша қаладағы сауда үйлерінің бірінде белгісіз екі әйелдің балалар киімін ұрлап кеткені жөнінде хабарлаған. Сатушы әйелдің сөзіне қарағанда, біреуі онымен сөйлесіп тұрғанда екіншісі балалар киімін жымқырып үлгерген.
Алайда, күдіктілер алысқа қашып үлгермеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегуші әйелдің суреттемесі бойынша Көкшетау қалалық ІІБ жедел басқару орталығының бейне бақылау камерасы арқылы анықтады. Кейін белгілі болғандай, бұл екеуі де Зеренді ауданының тұрғындары болып шықты. Бұл жыл басталғалы тіркеліп отырған осындай 3-і қылмыс.
Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 175 бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.