«Алматым-іңкәрім менің» ән фестивліне әлемге танымал әншілер келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым-іңкәрім менің» ән фестивліне әлемге танымал әншілер келеді

«Алматым-іңкәрім менің» ән фестивліне әлемге танымал әншілер келеді

Әлемдегі ең әйгілі «Оскар» мерекесі Алатау баурайында өтеді! Осындай аса әсерлі әрі думанды шараны биыл «Алматы – іңкәрім менің!» фестивалінің ұйымдастырушылары жүзеге асырмақ.      

  • 7 Тамыз 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz


«Алматым – іңкәрім менің!» — кілең ретро әндер шырқалатын дәстүрлі фестиваль. Отандық әншілермен қатар, әлем жұлдыздары 80-ші жылдарды еске түсіреді. Биылғы думанды кешке Ресейдің Николай Басков, Михаил Боярский сынды атақты өнерпаздары жиналады. Ретро-концерт Алатау баурайында «Оскар» сыйлығын тапсыру стилінде өтеді. Қызыл кілем төселіп, қазақтың да мықты әртістері келеді. Сонымен қатар, сахнада әлі таныла қоймаған жас әншілер де өнер көрсетеді. Сондай топтардың бірі – «Алтын girls». Ондағы қыздар «Тақиялы періште» фильміндегі «Одиссей» әнін мүлдем жаңаша орындамақшы.