Аяғы темірге қысылып қалған бүлдіршінге құтқарушылар көлік майын құйған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяғы темірге қысылып қалған бүлдіршінге құтқарушылар көлік майын құйған

Аяғы темірге қысылып қалған бүлдіршінге құтқарушылар көлік майын құйған

Павлодарда темір тіреулердің арасына кептеліп қалған бүлдіршін құтқарылды. Ойын қуып жүрген бес жасар Вованың  қысылып қалған аяғын сол маңдағы балалар тұрмақ, ересектердің өздері шығара алмаған.

  • 7 Тамыз 2014
  • 224
Фото - Caravan.kz


Әдетте бұл темір тіреулерді тұрғындар кілем қағу үшін қолданады. Кішкентай Вова сол күні оған өрмелеп шығып, төмен түсерде аяғын қыстырып алған. Соны сыртқа шығару үшін құтқарушыларды  шақыруға тура келген. Темірді арнайы құралдармен кескен олар, аяғына көлікке құятын майды жағып, баланы аман алып шықты. Бұл оқиғадан шошып қалған бүлдіршіндердің енді ойын алаңына жолағысы жоқ.