Елбасы Екібастұзда жас музыканттардың шығармашылығымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Екібастұзда жас музыканттардың шығармашылығымен танысты

Елбасы Екібастұзда жас музыканттардың шығармашылығымен танысты

Елбасы Н.Назарбаев Екібастұзда М.Глинка атындағы балалардың музыкалық мектебінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

  • 7 Тамыз 2014
  • 697
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің Павлодар облысына жұмыс сапары жалғасуда.

«Қазақстан Президентіне мұнда музыкалық кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үдерістері туралы баяндалды.Мемлекет басшысы жас музыканттардың шығармашылығымен танысып, музыкалық аудиториялар мен залдарды аралап көрді», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 680 бала оқитын М.Глинка атындағы балалардың музыкалық мектебі қосымша білім саласында 13 мамандық бойынша қызмет ұсынады. Сондай-ақ онда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік білім беру саласындағы әлеуметтік және білім жобалары жүзеге асырылады.